Қытайлық миллиардер өлім жазасына кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық миллиардер өлім жазасына кесілді

Қытайлық миллиардер өлім жазасына кесілді

ҚХР Жоғарғы Халық соты миллиардер Лю Ханьды өлім жазасына кесті. Ол қамауға алынғанға дейін Қытайдағы кен өндірісімен айналысатын ірі кәсіпорындардың бірінің басқарма төрағасы болған. 

  • 10 Ақпан 2015
  • 221
Фото - Caravan.kz

Оның інісі Лю Вэй мен тағы бес сыбайласын да осындай жаза күтіп тұр.  

Қытайдың орталық телеарнасы хабарлағандай, 1993 жылдан орын алған қылмыс жүйесіне олардың барлығының қатысы бар деп танылды.

Лю Хань ісі жемқорлыққа қатысы бар және саяси ұйымның ішінде (партияішілік топ құрды деп айыпталған ҚКП  ОК саяси бюросының бұрынғы  мүшесі Чжоу Юнканмен қатысы бар деп хабарланды. Бұл топ Қытай билігіне заңсыз келуге әрекеттенген.

Қамауға алынғанға дейін Лю Хань қытайлық  "Хужунь" (Forbes аналогі) журналының бағалауынша,ҚХР ең дәулетті тұрғындарының арасында 230 орында болған.