Жарияланды: 40

Қытайлық жанкүйерлер ағалы-інілі қазақ боксшыларды ағайынды Кличкоға теңеді

Қытайлық жанкүйерлер ағалы-інілі қазақ боксшыларды ағайынды Кличкоға теңеді

Қытайдағы 18 жасар қазақ боксшы Есболат Нәсиоллаұлы кәсіпқой бокстағы бірінші жартылай жеңіл салмақтағы (55.3 кг) дебюттік жекпе-жегін өткізді.  

Қытайдың Куньмин қаласында өткен рейтингтік жекпе-жекте, Есболат қытайлық Яң Хаиды 4 раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Есболат Нәсиоллаұлы WBA және WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы, Қытайдағы ең танымал кәсіпқой боксшылардың бірі Бейсенбі Нәсиоллаұлының (14-2-1,6КО) інісі. Қытайлық жанкүйерлер Бейсенбінің бокстасу мәнерін және келбетін қазақстандық Геннадий Головкинге ұқсатып, «OneG» деп атап кеткен. Сондай-ақ, қандасымыз ҚХР-ға ғана емес, қазақстандық бокс жанкүйерлерінеде жақын таныс. Есболаттың алғашқы жекпе-жегіндегі жеңісінен кейін, қытайлық бокс жанкүйерлері қандастарымызды ағайынды Кличко сынды әлемге танымал болатынына сенімді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть