Қыздар ерлерге қарағанда емтиханды жақсы тапсырады - "Азаматтарға арналған үкімет" - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыздар ерлерге қарағанда емтиханды жақсы тапсырады - "Азаматтарға арналған үкімет"

Қыздар ерлерге қарағанда емтиханды жақсы тапсырады - "Азаматтарға арналған үкімет"

 

  • 10 Желтоқсан 2021
  • 34
Фото - Caravan.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсету жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев статистика бойынша қыздар ерлерге қарағанда жүргізуші куәлігін алу емтиханын жақсы тапсыратынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұхаметқалиев емтиханды 20-21 жас аралығындағы жастар жиі тапсыратынын атап өтті.

"Теорияны қыздар жақсы тапсыратыны туралы статистика бар. Жігіттер тәжірибе жағынан жақсы сияқты көрінеді, бірақ қай жерде де қыздар басым. Менімен қоса емтханды бір жүкті әйел де тапсырды. Ол жүргізуші мектебінен өткенін айтты, үш апта дайындалып, екінші рет тапсырған. 35 жастағы әйел ешқашан көлікке мұқтаж болмағанын, қазір жүкті болғасын, қажеттілік туындағанын айтты", — деді Бахтияр Мұхаметқалиев.

Ол курсанттарды даярлау сапасы өте төмен екенін атап өтті.


"Олар оңай болады деп ойлайды. Содан кейін ашуланады. Халық емтихан тапсыруға келмес бұрын бәрін түсініп, ұғынса екен деймін. Сондай-ақ, олар нұсқаушымен бірге жүре алады, ол не істеу керек екенін көрсетіп отырады. Бұл дағдылар өмірде де қажет болады. Мұның бәрі жолда біліктілігі жоқ жүргізушілерді азайту үшін жасалған", — деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар