Қыздарыма әкелерінің өзге жанға үйленгенін қалай айтсам екен? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыздарыма әкелерінің өзге жанға үйленгенін қалай айтсам екен?

Қыздарыма әкелерінің өзге жанға үйленгенін қалай айтсам екен?

Сәлеметсіздер ме, аналар, арулар, әпкелер!

  • 5 Наурыз 2019
  • 118
Фото - Caravan.kz

Мен ішімдегі сырымды, мұңымды айтқым келіп, жазып отырмын. Осыдан бірнеше жыл бұрын тұрмыста болдым. Алайда дәм-тұзымыз жараспай, ажырасып кеттік. Себеп көп. Мен бәріне шыдап, бақытты отбасы болғым келді. Бірақ онын ұрғаны,балалардың көзінше пышақ кезеп қорқытқаны жаныма батып кетті де кетіп қалдым. 

Содан міне, 2 жылдай уақыт болды. Басында кешірім сұрап келді. Мен оның өзгергенін, қадірімді түсінгенін, балалары үшін тірлік істегенін қаладым. Біраз уақыт жалғыз қалып ойлансын деп бірден еріп бара қоймадым. Қазір екі қызым әкелерін сағынады, ал ол кейінгі кезде мүлде хабарласпайтын болды. 

Ол үш ай бұрын басқа қызға үйленіп алыпты. Естігенде біртүрлі болдым. Сонша жыл бәріне шыдап келген менің қадірімді түсінетін шығар десем, ол бізді керек те қылған жоқ. Жарайды, бақытты болсыншы дедім де қойдым. Мүмкін осылай болғаны дұрыс та шығар. Бірақ ең болмаса, қыздарына көрініп, көмектесіп тұруына болар еді. Алимент төлеп жатқан жоқ. Соттан бұйрық алдым, енді сот орындаушысына бара алмай жүрмін. Соңғы кездері жолым да болмай қойды.


Соңғы жаңалықтар