"Қызметтік көлікті жұмыс бабымен ғана пайдаланамыз": Дәулет Мұқаевтың қанша айлық алатыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қызметтік көлікті жұмыс бабымен ғана пайдаланамыз": Дәулет Мұқаевтың қанша айлық алатыны белгілі болды

"Қызметтік көлікті жұмыс бабымен ғана пайдаланамыз": Дәулет Мұқаевтың қанша айлық алатыны белгілі болды

Депутат Дәулет Мұқаев мемлекеттік қызметтегі жалақысы туралы ашық айтты.

  • 25 Сәуiр 2023
  • 161
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы "Battle сөз" бағдарламасында жария етті, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

“Аванс ретінде беріледі екен. Оның барлығы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты есептеледі. Мен осы уақытқа дейін ешбір мемлекеттік қызметте болмадым. Блогер болдым, одан телеарнада жұмыс істедім. Сол аванс 20 күнге шамамен 371 мың теңге түсті”, – дейді Мәжіліс депутаты.

Дәулет Мұқаев мемлекеттік қызметкерлерге берілетін қызметтік көлік жайлы да айтып өтті.


“Көпшілік депутаттың жеке жүргізушісі, жеке көлігі болады деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес. Қызметтік көлікті жұмыс бабымен ғана пайдаланамыз. Ал сенбі, жексенбі пайдаланған жағдайда тариф 5 мың теңге деп бекітілген. Кәдімгі такси жалдағандай боласың. Оның өзінде салыстырмалы түрде 5 мың қымбат”, – дейді мемлекеттік қызметкер

Соңғы жаңалықтар