Қызуқанды жанкүйерлер атақты хоккейші Жайлауовтың басын жарып ала жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызуқанды жанкүйерлер атақты хоккейші Жайлауовтың басын жарып ала жаздады

Қызуқанды жанкүйерлер атақты хоккейші Жайлауовтың басын жарып ала жаздады

«Қолпаштаймын» деп құлатып алды! Астана әуежайында «Барыс» хоккей командасының ойыншысы Талғат Жайлауовты жанкүйерлер жабыла көтермек болып, құлатып алды.

  • 18 Наурыз 2014
  • 369
Фото - Caravan.kz


"Барыстың"  Ресейден кезекті рет жеңіспен  оралуы жанкүйерлерді бей-жай қалдырмады. Олар  үздік ойыншыны дәл осылай аспанға көтеріп, отандық командаға деген қошеметтерін білдіруге жаппай ұмтылды. Алайда, абайсызда жігіттердің қолынан ауып түскен Талғат тас еденге басымен түскен. Қимылсыз жерде жатып қалған хоккейші  тек біраз уақыттан соң орнынан тұрып, есеңгіреген күйі  әріқарай жүріп кетті. Бірақ Жайлауовтың миы шайқалған. Енді ол кем дегенде бір ай мұз айдынына шыға алмайды.