Қызы Жанелдің бүйрегін ауыстыру үшін қаржы жинаған Ақмарал Жақсылықова сотта тағы да жеңілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызы Жанелдің бүйрегін ауыстыру үшін қаржы жинаған Ақмарал Жақсылықова сотта тағы да жеңілді

Қызы Жанелдің бүйрегін ауыстыру үшін қаржы жинаған Ақмарал Жақсылықова сотта тағы да жеңілді

Алматы қалалық соты да алдыңғы Бостандық ауданы сотының шешімі өзгеріссіз қалдырды. Яғни, Ақмарал Жақсылықова қызы Жанелдің бүйрегін ауыстыру үшін халықтан жинаған 12 миллион теңгесін қайтаруы тиіс.

  • 26 Қыркүйек 2017
  • 745
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Қалалық сотта жеңіске жеткені жайлы еріктілер тобында болған Мәулен Алғазы жазыпты.

Еске салсақ, 2016 жылы Ақмарал Жақсылықова қызы Жанелдің бүйрегін ауыстыр үшін Израильге бару керек деп халықтан көмек сұрайды.

Сол сәтте "Қайырымды жандар" еріктілер тобы көмектесуді қолға алады. Бүкіл халық болып қаржы жинап, оны Ақмаралдың шотына аударады. Әйтседе донор табылса ем өз елімізде тегін жасалуы тиіс еді. Сөйтіп Жанелдің анасы донор іздеп, қайырымды жандар қаржы жинап жүреді.

Еріктілер тобының басы қасында болған Мәулен Алғазының жазуынша,

Ақмаралдың туған қайнысы Бақтияр Жылқыбаев қарындасына бүйрегін беруге тамыз айының соңында дайын болады. Ал Ақмарал оны халықтан да, жасырып, ақша жиналғанша қараша айының соңына дейін күтеді! Дайын тұрған тегін донорды 3 ай бойы құпия ұстаған. Алайда, донор ел алдына өзі шықты. Іс басталды. Ақмаралдың арты ашыла түсті. Кейіннен көлік, үй алғаны жайлы қауесет тарап, артынан құжаттары да анықталды.

Қайырымды жандар атынан жеке тұлға мен және жеке тұлға Ақмарал екеуміздің арамызда келісімшарт бекітілген. Онда қаржының мақсатты түрде операцияға жұмсалуы анық жазылған, деп толықтырады М.Алғазы әлеуметтік желіде.


Ақыр соңында еріктілер қаржы есебін талап еткені мәлім. Дау арты сотқа ұласты. Бостандық ауданының соты ақ-қараны анықтап, Ақмарал 10 млн теңге қайтарсын деп шешім шығарды. Бірақ онымен келіспеген Ақмарал қалалық сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Соңғы жаңалықтар