Жарияланды: 880

"Қызыл диплом...". Күлдіре де білетін Астананың су жаңа әкімі Бақыт Сұлтановтың өзге қырлары

"Қызыл диплом...". Күлдіре де білетін Астананың су жаңа әкімі Бақыт Сұлтановтың өзге қырлары Сурет - kaz.tengrinews.kz

Астана қаласының су жаңа әкімі Бақыт Сұлтановтың жеке өмірбаяны жайлы мәлімет көп. Дегенмен біртоға, салмақты жанның қызмет бабында өзге де қырлары көрініс тапқан кездері болған.

Caravan.kz медиа-порталы Бақыт Сұлтанов жайлы бірқатар оқиғаларды еске түсіріп көрді.

«Үздік студент»

Жалпы бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ешкіммен кикілжіңге бара бермейтін зиялылығымен ерекшеленеді. Тіпті оның орайы келсе әзілге әзілмен жауап бере білетін қабілеті де жоқ емес. 

Мәселен жыл басында Сұлтанов кезекті заң жобасы бойынша депутаттардың сұрағына мүдірместен жауап беріп жатқан кезде мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оның осы өнеріне тәнті екенін айтып қалды.

"Сіздің сұраққа жауап беруіңізге әрдайым тәнті боламын. Сіз студенттік жылдары үздік студент болған шығарсыз. Сіз емтихан күндері бір аудиториядан кез келген оқытушыға кірген боларсыз. Өйткені барлық сұрақтарға сіздің жауабыңыз әмбебап", — деп әзілдеген еді Нығматулин.

Бұл сөзге Бақыт Сұлтанов:

«Қызыл диплом», — деп жауап беріп депутаттарды күлдірген еді.

Күтпеген оқиға

Бұрынғы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бір кездері кенеттен "тұсау кесу" рәсімінің қатысушысына айналған болатын. Наурыз мерекесінде қарамағындағы қызметкерлерінің бірі Сұлтановтан ұлының тұсауын кесуді сұраған.

Ал кейіннен Бақыт Сұлтанов әлгі оқиға жайлы әлеуметтік желіде:

«Өсіп келе жатқан қаржы министрінің аты Бақытбек Сұлтан»,- деді.

Зиялы әрі қатал министр

Сын естіп жатса да ашуға беріле бермейтін әрі сабырлы Бақыт Сұлтановты жұмсақ деуге де келмейді.

Мысалы Қаржы министрі болып тұрған тұсында Бақыт Сұлтанов ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтан бюджет қаржысының игерілмеуіне байланысты вице-министрлерді жазалауды сұраған болатын.

«2017 жылғы 11 айының қорытындысы бойынша Үкімет отырысында бюджет қаражатын игеруде белгілі бір тәуекелдер жөнінде айтылған болатын. Алдымызда Парламентте жылдық есеп нәтижелерін талқылау тұр. Онда міндетті түрде жауапкершілік туралы сұрақ туындайтыны анық. Осыған орай қаржыны толық игермеген орталық мемлекеттік органдар бойынша Үкіметке министрдің орынбасары және комитеттер төрағасы деңгейіндегі лауызым иелерін жауапкершілікке тартуға ұсыныс енгіземіз. Нысаналы трансферттердің сомасын игермеген аймақтардың әкімдерінен де тиісті лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуын сұраймын», - деп атап өтті сол кезде Бақыт Сұлтанов.

Қандай рекорд орнатты

Жалпы Бақыт Сұлтановтың соңғы қызметіне келе сала жоғары нәтиже көрсетіп, рекорд орнатқан адам. Салыстырмалы түрде аталған министрліктің салықтан түскен қаржы көлемін төмендегі сандардан байқауға болады.

2010ж. - 108 млн 833,8 мың теңге.

2011ж. - 181 млн 591,2 мың теңге

2012ж. - 239 млн 204,6 мың теңге

2013ж. - 68 млн 262,6 мың теңге

2014ж. - 291 млн 346,5 мың теңге

2015ж. - 254 млн 289,5 мың теңге

Сараптай келе көретініміз 2014 жылы министр қызметіне келген Сұлтанов салық көлемін ұлғайтып, рекорд жасаған екен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть