Қызылорда облыстық Монополияға қарсы инспекцияның бастығы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облыстық Монополияға қарсы инспекцияның бастығы ұсталды

Қызылорда облыстық Монополияға қарсы инспекцияның бастығы ұсталды

2013 жылғы 16 қаңтарда өткізілген арнайы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті облыстық Монополияға қарсы инспекциясының бастығы А.Аймырзаевқа қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады,

  • 21 Қаңтар 2014
  • 372
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ведомстводан

 Оған 2014 жылғы 15 және 16 қаңтар күні «Қызылорда тазалығы» ЖШС директорынан мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарттың мерзімін ұзартуды келісу үшін 2 мың АҚШ доллары және 295 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылуда.

«18 қаңтарда сот Аймырзаевты үй қамаққа алуды санкциялады. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды»,-  делінген хабарламада.