Жарияланды: 510

Қызылорда облыстық прокуратурасы бизнесті қорғау тақырыбында жиын өткізді

Қызылорда облыстық прокуратурасында бизнеске қолдау көрсету мәселесі бойынша жиын болып өтті.

Онда прокуратура қызметкерлері икемді топтың басым бағыт­тары мен «Бизнес тірегі» жобасы туралы қажетті ақпараттар берді. Бұл тақырыптар бойынша облыстық прокура­ту­ра­ның басқарма бастығы Жама­ла­дин Өтеев, облыс бойынша құ­қық­тық статистика және арнайы есеп­ке алу басқармасының бөлім бастығы Әмірхан Ердалиев, «Ата­ме­кен» одағы Қазақ­стан ұлттық эко­номикалық палатасы облыстық фи­лиа­лының директоры Алмас Тұр­таев хабарлама жасап, мән-жайды түсіндірді. Үстіміздегі жылдың басынан бері облыс прокуратура органдары жүр­гізген тексерулер нәтижесінде бұл салада 48 заң бұзушылық анықталған. Осыған байланысты бұл кемшіліктерді жою жөнінде 7 ұсыныс, 6 нара­зылық келтіріліп, кәсіпкердің мүдде­сіне қайшы 7 акті жойылған. Бұдан бөлек, 8 тұлға тәртіптік және 2 тұлға әкім­шілік жауапкершілікке тартылып, 113 кәсіп­кер­дің құқықтары қорғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін