Егістік алқаптарының жалпы көлемі 2002-жылы 130 мың гектарды құраса, 2003-жылдың 6-маусымындағы жағдаймен 145,9 мың гектар болды. Соның ішінде күрішті қоса есептегенде астық дақылдары 81,8 мың гектарға, техникалық дақылдар 4,5 мың гектарға, жемдік дақылдар 41,5 мың гектарға, жеміс және көкөністер 22 мың гектарға егілді.
Облыста ауылшаруашылық дақылдарын өңдеудің жаңаша әдістері қолданылуда. Мәселен, күріш егуде дәстүрлі әдіспен қатар көшетпен отырғызу және тұқымды көгертіп себу секілді екі түрлі жаңа әдіс қолданылуда. Сонымен бірге, көкөністерді тамшыдан суғару тәсілімен теплицада өсіру әдісі қолданылып отыр.