Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 2014 жылдың 10-12 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.