Жарияланды: 380

Қызылорда облысында басқарма бастықтары орын алмастырды

Қызылорда облысы әкімі Болатбек Қуандықовтың өкімімен облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Ирина Ким қызметінен босатылып,

облыстық қаржы басқармасының бастығы болып тағайындалды. Ирина Ким 1954 жылы туған. Мәскеу темір жол институтын, соңынан осы институттың аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Облыс әкімінің келесі өкімімен облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы болып Жазира Жылқышиева тағайындалды. Ол 1970 жылы туған. Қызылорда педагогикалық институты мен «Болашақ» университетін бітірген. Мамандықтары бойынша мұғалім және заңгер. Бұл қызметке дейін облыс әкімі аппаратының кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы болып істеген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін