Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында Шымкент — Самара тас жолының 309 шақырымында Сунақ ата елді мекенінің жанында 1 тамыз күні 08.00-де «Опель», КамАЗ және «МАН» көліктері бір-бірімен соқтығысқан.
Жол көлік оқиғасының нәтижесінде «Опель» көлігінің жолаушысы 34 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Жүргізушілер — 35, 24 және 34 жастағы ер адамдар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ТЖМ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті