Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып Баймаханов Болатбек Бимендиұлы тағайындалды. Ол 1962 жылы туған. 1986 жылы Алматы мемлекеттік медициалық институтын, 2006 жылы — Қазақ экономикалық университетін бітірген, хирург және экономист мамандықтарын игерген.
Ал мәдениет басқармасының төрағасы болып Жүсіпов Берік Мырзалыұлы тағайындалды. Ол 1970 жылы туған. 1995 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті