Жарияланды: 610

Қызылорда облысында кедей отбасылардағы әйелдер мен балалардың азық-түлік қамтамасыздығын жақсартуға бағытталған дөңгелек үстел өткізіледі

Бүгін, 27-маусымда Қызылорда облысында Азия даму банкінің жобасы бойынша кедей отбасылардағы әйелдер мен балалардың азық-түлік қамтамасыздығын жақсартуға бағытталған дөңгелек үстел өткізіледі ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Дөңгелек үстелге әкім аппаратының басшылары, облыстық денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері қатысады. Шараға қатысушылар Қызылорда облысындағы темір жетіспеушілігі ауруына шалдығу оқиғалары туралы, сондай-ақ, тұрғындарды витаминдер және темірмен байытылған фортификациялық ұнмен қамтамасыз ету жобасын жасап , оның тетіктерін айқындау туралы талқыламақшы. Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандары тұрғындарды фортификациялық ұнмен және одан әзірленген нан өнімдерімен қамтамасыз ету жобасы жүзеге асырылатын тәжірибелік аудандар ретінде таңдалды. Бұл әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындар арасында темір жеткіліксіздігіне байланысты анемияның таралуына тосқауыл қоюға түрткі болмақ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Алма Оразованың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, облыс бойынша 5 жыл ішінде темір жеткіліксіздігіне байланысты анемияға шалдығу көрінісі 2 есе артқан. 2002-жылы бұл көрініс әрбір 100 мың адамға шаққанда 168 адамды құраса, балалар арасында 6 831 болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть