ТЖМ мәліметінше, 3 шілдеде 09 сағат 20 минутта қарқынды емдеуге қарамастан, науқас қайтыс болды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысының Шиелі ауданы Кодаманов ауылынан 30 маусымда аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 35 жастағы ер адам жатқызылған. 1 шілдеде оған күйдіргі деген алдын-ала диагноз қойылды. Сонымен бірге, 02 00 сағатта Шиелі аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 35 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел күйдіргі деген күдікпен жатқызылды.
3 шілде күнгі 18 сағат 30 минуттағы жағдаймен науқастардың жағдайы орташа, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті