Төтенше оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы барған. Олар жағдайды көріп, мектептің жай-күйін тексерген. Мектеп қабырғалары мен едені зақымданғаны анықталып, оқу ордасында сабақ оқытуды тоқтату жөнінде шешім қабылданған.
Енді сарапшылар мектептің техникалық жай-күйін мұқият тексеріп, білім ордасының аумағын су басу себептерін тексермек.
Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, Аранды мектебіндегі мұғалімдер мен 98 оқушы 12 наурыздан бастап көрші Қожабақы елді-мекеніндегі мектепке ауысады. Қазалы аудандық әкімдігі оқушылар мен ұстаздарды тасымалдауға арнайы көлік бөлген.
Ұқсас тақырыптар: