Ертең Өскемен мектептерінде сабақ болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Өскемен мектептерінде сабақ болмайды

Ертең Өскемен мектептерінде сабақ болмайды

Қалалық білім беру бөлімі дүйсенбіде бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтынын мәлімдеді.

  • 11 Наурыз 2018
  • 248
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі мәлімдеді.

Қала әкімдігі тұрғындарды жеке көлігінен бас тартып қозғамай, қоғамдық көліктерді пайдалануға шақыруда. Жеке көліктердің көптігі коммуналдық қызмет жұмыстарына кедергі келтіруде. Ал қаланың шекткері аудандарында тұратындарға балаларын қараусыз қалдырмау керектігі ескертілді.

Қарғын сумен күрес Өскемен қаласынан бөлек Аягөз, Ұлан және Күршім аудандарында да қызу жүріп жатыр. 

Толассыз жаңбыр тау шатқалымен өтетін жолдарға көшкін қаупін төндіруде. Осыған байланысты Өскемен-Зырян бағытындағы жол жабылған болатын. Өскемен қаласының әкімдігі осының салдарынан қосымша пойыз рейсін шығармақшы.

«Автокөлік жолы жабылуына байланысты  11 наурыз күні Защита-Зырян бағытында  №641 пойыз қосымша рейспен жолға шығады» — делінген қала әкімдігі Фейсбуктегі парақшасындағы таратқан ақпаратта.


Оқи отырыңыз:

Қазақстанда ішімдікке құмар ата-аналарға сот тәртібімен тыйым салуға болады

Қытай 6G ұялы байланыс стандартын жасау басталғанын жариялады

Қырғызстанда ұзын қазы әзірленіп, қазақтардың рекорды жаңартылмақшы

Соңғы жаңалықтар