ШҚО-да күннің күрт жылынуынан қар еріп, қызылсу аулаларды басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.65
  • 544.6
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да күннің күрт жылынуынан қар еріп, қызылсу аулаларды басып қалды

ШҚО-да күннің күрт жылынуынан қар еріп, қызылсу аулаларды басып қалды

Ел аумағында ауа райы құбылып тұр! Cолтүстікте боран түтеп, жолдар жабылып, мыңдаған көлік қар құрсауында қалса, Шығыста күн күрт жылынып, қызылсу көтеріле бастады. Еріген қар суы қазірдің өзінде Өскеменнің шетіндегі жер үйлерді басып қалған. Ал таулы аумақтарда ауық-ауық қар көшкіні жүріп жатыр. 

  • 5 Наурыз 2013
  • 385
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысында өткен демалыс күндері ұйытқып соққан боран күре жолдардың түгелін қозғалыссыз қалдырды. Төтенше жағдайлар қызметі алдын ала хабар таратқанымен, жолға шығып кеткен 150 адам, 8 автобус пен он шақты жеңілкөлікті қар құрсауынан арнайы техникамен шығарылды. Жолда қалғандардың арасында балалар мен шұғыл медициналық көмекті қажет ететін науқастар да болған.

Серік Қошқарбаев, Павлодар облыстық ТЖД бөлім бастығы:

Ауыр хәлдегі үш әйелді дереу төтенше жағдай қызметкерлерінің көлігімен қалаға жөнелттік. Бірінің ыстығы көтеріліп, өкпесі қабынған, қалған екеуінде тұмау асқынған.

Ал Шығыста күн райының күрт жылынуы қардың көбесін сөгіп, тасқын судың қаупі төнді. Өскеменнің шетіндегі үйлердің тұрғындары сенбіден бері аулаларына кірген қызылсуымен арпалысып жатыр.

Айжан Омарбекова, Өскемен қаласының тұрғыны:


Жолдан жүре алмай қалдық. Үйге су кіре бастады. Таңертең әрең дегенде көшеге бардық, белшемізден суға батып.

Бүгінде қалада аяқ алып жүрудің өзі қиямет-қайым. Еріген қар суы жылғалардан ағып, жаяу жүргіншілер түгілі, көліктердің қозғалуына қиындық туғызуда. Шаһардың барлық жедел әрекет ету қызметтері бірлесіп арнасынан асқан арықтағы қар суын сору жұмыстарын қолға алған.

Гүлсім Ластаева, Өскемен қаласының тұрғыны:

 —Күн жылынғаннан кейін, су басып жатыр, міне, қашаның ішіне кірді, ал енді күн өте қатты жылынып кетсе, су әуілім үйімнің ішіне кіреді. Ана жылғы жағдай қайталана ма деп қорқам мен.

Таулы аймақтарда да тынышсыз осы күні. Соңғы екі күн ішінде жалпы көлемі 13540 текше метрді құрайтын оннан астам қар көшкіні жүрген. Бүгін өңірде барлық бағыттағы тас жолдар тағы да жабылды. Себебі, тағы ақтүтек боран басталды.