Жарияланды: 400

Қызылорда облысында "Нұрлы көш" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1200 гектар жер бөлінді

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында "Нұрлы көш" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1200 гектар жер бөлінді. Мұндай ақпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында жария етілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Жер телімдерін Қызыорда облыстық әкімдігі облыс орталығына таяу жердегі Досан ауылынан бөлді. "Шетелдерден келген 1000 қазақ отбасы бұл аумақта баспана тұрғызып, шағын кәсіпкерлікпен айналыса алады", - деп хабарлайды мекеме. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін