Қызылорда облысында патогенді микробтары бар 15 тонна балық табылды - бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында патогенді микробтары бар 15 тонна балық табылды - бас прокуратура

Қызылорда облысында патогенді микробтары бар 15 тонна балық табылды - бас прокуратура

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін". - Прокуратура органдары Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Мемлекеттік стандарт және фармацевтикалық бақылау органдарымен бірлесіп шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асырып жатқан дәрі-дәрмек заттарының, азық-түлік пен балалар ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігіне бағытталған заңдылықтардың қолдануына тексеру жүргізу нәтижесінде Қызылорда облысында 15 тонна мөлшеріндегі балықтан санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде патогендік микробтар (стафилококк) анықталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 17 Қазан 2007
  • 897
Фото - Caravan.kz

Мысалы, Қызылорда облысының Арал ауданындағы «Камбала балық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тексеру кезінде тоңазытқыштың ішіндегі 15 тонна мөлшеріндегі балықтан санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде патогендік микроб — стафилококк анықталды.

Сонымен бірге өсімдіктерден және жануарлардан алынған өнімдер айналымының саласында да көптеген заң бұзушылықтар анықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті