Жарияланды: 440

Қызылорда облысында полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады

Қызылорда облысында полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады

Қызылордалық полицейлер жедел-профилактикалық рейд жұмыстары барысында

Шиелі ауданы №15 бекеттен оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрған алқапты анықтады.

Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жолсыз құмдардың арасында есірткі затына ұқсас өсімдік егіп жатқан белгісіз азаматты байқап қалады. Жедел-тергеу тобы шақырылып, жедел түрде Қызылорда қаласының 1978 жылы туылған азаматы құрықталды. Тексеру барысында 3364 түп жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік және егу барысында қолданылған құрал-саймандары айғақ зат ретінде алынды. Анықталған 3364 түп сора өсімдігінің 3306 түбі өртеу жолымен жойылса, 58 түбі сот-сараптамалық тексеріске жолданды. Психотроптық заттар мен прекурсорларды зерттеу сот-сараптамасы қорытындысы бойынша анықталған өсімдік сора өсімдігіне жататындығы белгілі болды.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сезікті азамат аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен.

null
 
null
 
null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін