Қызылорда облысында қан ауруына шалдыққан балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында қан ауруына шалдыққан балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі

Қызылорда облысында қан ауруына шалдыққан балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2015 жылы облыстық бюджеттен «Өткір лейкоз» және «Апластикалық қан аздық» ауруларына шалдыққан балаларға дәрі-дәрмек сатып алу үшін 6 млн. 151 мың теңге бөлінеді. 

  • 4 Ақпан 2015
  • 354
Фото - Caravan.kz


Бүгінгі таңда өңірде осы аталған аурулар бойынша 18 жасқа дейінгі 34 бала диспансерлік есепте тұр. Олардың барлығы тағы да В, С гепатиті ауруына шалдыққан. 

Ол балаларға қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға арналған әлеуметтік көмек жергілікті өкілетті органдар шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету мөлшерін бекіту және мұқтаж азаматтардың жекеленген санатының тізімін анықтау ережесіне» сәйкес ай сайын 7,6 айлық есептік көрсеткіш (15063 теңге) көлемінде көрсетіледі.