Қызылорда облысында қылмыс саны азайған - Ішкі істер департаменті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында қылмыс саны азайған - Ішкі істер департаменті

Қызылорда облысында қылмыс саны азайған - Ішкі істер департаменті

Қызылорда. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Облыста 2007 жылдың 9 айында тіркелген қылмыстардың саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 7,7 пайызға азайған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің бастығы Асқар Исағалиев хабарлады.

  • 22 Қазан 2007
  • 527
Фото - Caravan.kz

Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 2066-дан 1907-ге дейін, соның ішінде ауыр қылмыстар 7,4 пайызға (323-тен 299-ға дейін) және өте ауыр қылмыстар 6,3 пайызға (32-ден 30-ға дейін) төмендеген. Сондай-ақ Арал өңірінің жолдарындағы көлік апаттарының саны 14,3 пайызға азайған.

«Қылмыстың ашылуы 4,7 пайзға өскен,- деп атап көрсетті Асқар Исағалиев. — Бұл көрсеткіш бойынша Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті республикада аумақтық ішкі істер органдарының арасында үшінші орында».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті