Бұл осыдан бір ай бұрын «Протон» зымыран тасығышы құлаған Байқоңыр ғарыш айлағы іргесіндегі Ақай тұрғындарының жан айқайы.Сол уақыттан бері халықтың жайын сұрап осы ауылға ешкім ат ізін салмапты.
Бибігүл Тәжібаева, Ақай ауылының тұрғыны:
— Бізге келіп ешқандай иә әкімшіліктен, иә мына Байқоңыр несінен администрациясынан бір адам келіп сұрап жағдайларың қалай? Одан бері жағдайларын қалай? Не күй кешіп жатсыңдар деген сұрақ қойып жағдайымызды біліп сұраған әкімдік, үлкен жерлерден дәрігерлерде жоқ.
Ақайлықтардың айтуынша, зымыран апатқа ұшырағалы бері ауылды дерт дендепті. Бірақ оған мән беріп жатқан ешкім жоқ екен.
Райкүл Тайпанова,Ақай ауылының тұрғыны:
— Екі күннің бірінде басын ұстап құлап жатыр. Бұл біздің ашынғандығымыз. Бұл жерге жедел жәрдемде келмейді. Иә біздің тексерілетін жеріміз жоқ.
БірақБайқоңыр ғарыш кешені басшылары бет бақтырар емес. Ресейлік санитарлар, әзірге денсаулығына байланысты арызданып келген науқас жоқ деп отыр.
Андрей Попов, «Байқоңыр» кешені бас санитар дәрігерінің орынбасары:
— Байқоңыр қаласы мен Төретам, Ақай ауылдарында ауа мен су таза. Апат салдарынан денсаулығына қатысты ешкім шағымданған жоқ. Соңғы бес жыл ішінде науқастар деңгейі өспеді.
Ауа мен су таза деп сайраған ресейлік маман аталған ауылдарға бірде бір рет барған емес. Тіпті басы ауырып, балтыры сыздап барған науқастарды Байқоңырдың емдеу мекемелері қабылдамайды екен.
Нәйлә Бектасова, Төретам ауылдық емханасының меңгерушісі:
— Ресей мемлекеті болғандықтан кейін бізге тек қана Қазақстанның көлемінде ғана көріліп емдей алады. Көбіне Ресей бізді қабылдамай отыр. Дәрігер жетіспейтіні жетіспейді.
12 мыңға жуық шаңырағы бар Ақай мен Төретам ауылдарының тұрғындары Байқоңырды жалға беру туралы келісім-шартты қайта қарауды сұрап отыр. Онда да ғарыш айлағының түбіндегі екі ауыл халқының әлеуметтік жағдайына баса назар аударылғандығын қалайды. Әсіресе Ресейге қарайтын Байқоңыр қаласындағы ауруханада тегін тексеріліп, ем алсақ деген ниеттері бар.