Қызылорда облысында ұлы мүгедек-анасын өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында ұлы мүгедек-анасын өлтірді

Қызылорда облысында ұлы мүгедек-анасын өлтірді

Мамандандырылған ауданаралық сотта қылмыстық іске қатысты сот үкімі заңды күшіне енбегені айтылды.

  • 29 Наурыз 2018
  • 126
Фото - Caravan.kz

Анасын өлтірген 26 жасар ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың желтоқсан айында 26 жасар қала тұрғыны туысқанымен бірге ішімдік ішкен. Бөтелкелесі кетіп қалғаннан кейін ол көршісімен бірге ішімдік іше бастайды. Оның анасы ащы судан ұрттап отырған көршісіне күн қарайып кеткенін, сондықтан үйіне қайтуын өтінеді.

Осы кезде ұлы ІІ топтағы мүгедек анасының қасына барып, балғамен ұрып жібереді де, кеудесінен тебеді. Алған жарақат салдарынан анасы оқиға орнында көз жұмды.

Ол ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлімі, 3-пункті бойынша сотталып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіптілік деңгейі ең жоғары түзету мекемесінде өтейді.


Мамандандырылған ауданаралық сотта қылмыстық іске қатысты сот үкімі заңды күшіне енбегені айтылды.

Оқи отырыңыз:

Қостанайдағы оқушы өлімі: Күдікті анықталды

Қостанайда оқушы қызды анасы пышақтап тастады
Хабарсыз кеткен 9 жасар қыздың жансыз денесі