Жарияланды: 530

Хабарсыз кеткен 9 жасар қыздың жансыз денесі табылды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында хабар-ошарсыз кеткен 9 жасар қыздың жансыз денесі табылды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Оның мәліметі бойынша, Ойыл аудандық полиция бөлімшесіне әйел адам арызданып, 2-сыныпта оқитын 9 жасар қызының хабарсыз кеткенін хабарлайды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ауылдағы үйлердің біріндегі қоймадан қыз баланың зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды. «Арнайы іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын зорлау жасағаны үшін сотталған Ойыл ауданының 39 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды. Ол мас күйде кәмелетке толмаған қыз баланы мектептен қайтар жолда аңдып, алдау арқылы өз үйіне кіргізген. Содан кейін қорқытып, зорлауға әрекеттену кезінде жәбірленушіні буындырып өлтірген. Қылмыстың іздерін жасыру мақсатында ол қыз баланың мәйітін қоймаға жасырған», - дейді Қ.Жұманов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін