Қостанайдағы оқушы өлімі: Күдікті анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы оқушы өлімі: Күдікті анықталды

Қостанайдағы оқушы өлімі: Күдікті анықталды

Қостанай облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде Қостанайдағы 15 жасар қыздың өлімі туралы тың мәліметтер айтылды.

  • 20 Наурыз 2018
  • 110
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. 

Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабына («Кісі өлтіру») сәйкес алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Күдікті анықталды. Ол — Қостанай қаласының 44 жастағы тұрғыны. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шараларын өткізуде. Бұл мәселе Қостанай облыстық ІІД бақылауында», — деп хабарлады Қостанай облысының ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы жағдай Қостанай қаласында болған. Мектеп директоры қаза болған қыз туралы айтқан болатын. Қайтыс болған оқушының әкесі Қостанай қаласының стационарында жатыр.


 

Ұқсас тақырып:
Қостанайда оқушы қызды анасы пышақтап тастады
Хабарсыз кеткен 9 жасар қыздың жансыз денесі 

 

Соңғы жаңалықтар