Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді

Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасының нәтижесінде екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 9 Қазан 2007
  • 491
Фото - Caravan.kz

Көлік апаты Шымкент — Самара тас жолының 674-шақырымында, Қармақшы ауданының жерінде, сенбі күні 15.30-да орын алған. «Москвич-412» автокөлігінің жүргізушісі «Ауди» автокөлігімен соқтығысына себепкер болған. Жол-көлік апатының нәтижесінде «Москвич-412» автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы сол жерде қайтыс болды, «Ауди» жүргізушісі мен оның жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті