Қызылорда облысындағы Қазалы ауданы кәсіпкерлерінің 44 пайызға жуығы әйелдер - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысындағы Қазалы ауданы кәсіпкерлерінің 44 пайызға жуығы әйелдер

Қызылорда облысындағы Қазалы ауданы кәсіпкерлерінің 44 пайызға жуығы әйелдер

Қызылорда облысындағы Қазалы ауданының экономикасын ілгерілетуге үлес қосып отырған табысты жандар Іскер әйелдер форумында бас қосты. Ондағы басты мақсат - әйелдер мүмкіндіктерін кеңейту, әйел кәсіпкерлігін дәріптеу, бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламаларына әйелдердің қатысуын жандандыру.

  • 8 Наурыз 2017
  • 327
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аудандық әкімдікке сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев: «ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытушылар саны 4173 бірлікті құраса, оның 1819-ы әйел кәсіпкерлер. Яғни, ауданда кәсіпкерлікпен айналысушылардың 43,6 пайызын әйел азаматшалар құрайды» — деді. 

Іскер әйелдер форумында нәзік жандылар өзара тәжірибе алмасып, жұмыстарын қорытындылады. Алда тұрған ортақ міндеттер туралы ой бөлісті. Қатысушылар «бұл форум бізге білімімізді арттырып, бір-бірімізден көп нәрсе үйренуге мүмкіндік береді. Өзгелердің жетістіктеріне жаңаша көзқараспен қарап, қолдау жасауға ұмтыламыз» — дейді.

Форум қорытындысы бойынша бір топ әйел кәсіпкерлер марапатталды. Сондай-ақ қонақтар назарына ауданның әйел кәсіпкерлері ұйымдастырған тауарлар көрмесі көрсетілді. Айта кетейік, Қазалы ауданында өткен іскер әйелдер форумы барысында «Айнұр» сауда орталығы ашылып, халық игілігіне пайдалануға берілді.


Соңғы жаңалықтар