Жарияланды: 780

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 235 түп көкнәр табылды

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында аудандық ІІБ қызметкерлері Өзгент ауылының бір тұрғынын қамауға алды. Қызылорда облыстық ІІБ баспасөз қызметінен хабарлауынша, тұтқындалған адамның үйінің ауласынан 235 түп көкнәр табылған. Қазір тұтқын уақытша тергеу қапасында отыр.

Сондай-ақ, Қызылорда облыстық есірткі саудасымен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері тағы бір есірткі партиясын тәркіледі. Қызылорда қаласының бір тұрғынының пәтерінен 10 кило 766 грамм марихуана табылған. Өткен апта ішінде Қызылорда облысында 106 қылмыс тіркеліп, оның 103-і әшкереленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть