Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 4 мектеп ғимаратын салуға арнап 30 млн. теңге бөлінді
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында "Ауыл мектебі" бағдарламасына сәйкес 4 мектеп ғимаратын салуға арнап 30 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қызылорда облыстық білім беру басқармасынан хабарлады. |
2003-2005-жылдарға арналған аймақтық "Ауыл мектебі" бағдарламасын Қызылорда облыстық білім беру басқармасы ауылдардағы білім беру жүйесін дамыту мақсатында қабылдаған. Соған сәйкес Қызылорда облысында 3 жылда 25 мектеп салу көзделіп отыр.
Бағдарлама бойынша мектептер салумен бірге қазіргі бар білім беру мекемелерін қайтадан жөндеуден өткізу жоспарланған. Бүгінде қаладағы көп бағытты №3 мектеп-гимназияда мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және оқу корпусына қосалқы құрылыс салу жұмыстары жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстарының жобалық құны 187,8 млн. теңгені құрайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін