Жарияланды: 750

Қызылорда салық инспекциясының бұрынғы қызметкеріне мемлекетаралық іздеу жарияланды

Қитұрқы алаяқтық жолмен жарты миллион теңгені жымқырып кеткен Қызылорда салық инспекциясының бұрынғы қызметкеріне мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Бұл туралы Қызылорда облыстық қаржы полициясы департаментінен KZ-today тілшісіне хабарлады. 30 жастағы Татьяна Захарова Қызылода қалалық салық инспекциясының есеп бөлімінің инспекторы болып істеген екен. Ол Қызылорда салық инспекциясына бір шағын кәсіпорынның атынан өтірік арыз жазып, онда артық төленіп кеткен салық төлемін кері қайтаруды өтінген. Аталмыш арыздың негізінде салық инспекциясы 510 мың теңгені кері қайтарады. Сөйтіп заңсыз жолмен ақша тауып алған алдамшы ізін суытып тайып отырған. ҚР Қылмыстық Кодексінің "ірі көлемдегі алаяқтық" жөніндегі 177-бабы, 3-бөлімінің 6-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес қылмыскерге дүние-мүлкін тәркілеп, 5-10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы жүктелуге тиіс. Қазір бұрынғы инспекторға мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть