Қызылорда тұрғындары Қала күнін атап өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда тұрғындары Қала күнін атап өтуде

Қызылорда тұрғындары Қала күнін атап өтуде

Қызылорда. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда тұрғындары бүгін Қала күнін атап өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Қыркүйек 2007
  • 502
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «мерекелік шаралар 24 қыркүйек, дүйсенбіден бастап бүкіл аптаға межеленген».

Мереке аясында «Сыр бойындағы сұлу қала» атты жыраулар концерті, «Қызылорда — менің отаным!» атты көрме өтеді. Сонымен бірге Астана, Ақтөбе, Шымкент және Байқоңырдың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Шашу» атты би фестивалі ұйымдастырылмақшы. Спорттық сайыстар, Алғырлар мен тапқырлар клубының байқаулары да бағдарламада бар.

Әкімшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Үлгілі үй», «Таңдаулы ПИК», «Әсем көше», «Үлгілі сектор» секілді аталымдар бойынша өткен байқаулар қорытындыланады.

Мереке 29 қыркүйекте Қызылорданың орталық алаңында от шашумен және Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының концертімен аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті