Қызылорда тұрғыны 1 жылдан бері комада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда тұрғыны 1 жылдан бері комада жатыр

Қызылорда тұрғыны 1 жылдан бері комада жатыр

Өтін алдырмақ болып тірі өлікке айналды. Қызылорда тұрғыны былтырдан бері комада жатыр. Чернобль апаты салдарын жоюға атсалысқан азамат операциядан кейін есін жоғалтып, содан әлі оянбаған. Не өлі, не тірі емес жанның жантүршігерлік халін туыстары дәрігерлерден көреді.                             

  • 18 Наурыз 2014
  • 228
Фото - Caravan.kz

Талай жолды бағындырып, жүк көлігін жіпше иірген Михаилдің қазіргі халі осы. Бұрын соңды мүлде ауырып көрмеген азамат былтыр ақпанында өз аяғымен дәрігерге өтін алдыруға барған. Операциядан кейін сол күйі оянбапты.           

-Миша,  ояншы. Өтінемін, көзіңді ашшы.

Закир Уматов, М.Нуждиннің досы:

-Сол операцияға барды да, операциядан кейін тұрмай қалды. Содан әлі жатыр. Жатқанына кем дегенде 1 жылдан асты . Доғдырлардың кінәсі, басқа не ойлаймыз енді? Сол доғдырларға сенуден қалдық қой.

Сәтсіз операциядан кейін ауруханадағылар ұйқыдағы денені туыстарының қолға ұстата салған. Содан бері үйінде. Әлсін-әлсін демі естілгенімен, тәнінде бірде бір тіршілік белгісі білінбейді.

Елена Нуждина, М.Нуждиннің әйелі:

-Отаны о баста Ресейде жасатпақ болдық. Аурухана тауып та қойған едік. Алайда, жергілікті дәрігерлер «өзіміз емдейміз» деп жібермеді. Енді міне не өлі емес, не тірі емес, құр сүлдері ғана жатыр.

Ем-дом Қызылордадағы қалалық осы ауруханада жасалған. Бас дәрігерін Нуждиндер әлі көрмепті. Облыстық мәслихатта депутаттық қызмет атқарып жүрген азаматтың сессиялардан қолы босамай жүрсе керек. Бүгін де басшыны кабинетінен табылмай, орнына қызметкерлері жауап берді. Айтуларынша, Михаилге облыстағы ең білікті деген хирургтер операция жасапты. Әрі өте сәтті шықты деген сенімде жүр екен.   


Бақытжан Тайманов, Қызылорда қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Астананың шұғыл медициналық кафедраның меңгерушісі, профессор Жұмат Ағзам Шаймерденовичтің өзімен де 2-3 рет телефонмен консультация алып, ол кісінің кеңесімен де жұмыс істеген болатынбыз. Бірақ қазіргі кезде аурудың жағдайы бірқалыпты ауыр жағдайда қалып отыр. 6 ай бойы біздің ауруханада емделді.

Сөйтсе, операция кезінде 53 жастағы Михаил бір рет өліп-тіріліпті. Оны тәуелсіз сараптама қорытындысы көрсеткен. Бірақ сол күйі есін жинамаған.  Күйеуін тірі өлік еткендерді енді Елена Нуждина сотқа бермек.