Қызылорда тұрғыны 2 келіге жуық есірткімен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда тұрғыны 2 келіге жуық есірткімен ұсталды

Қызылорда тұрғыны 2 келіге жуық есірткімен ұсталды

Жамбыл облысының полицейлері Алматы - Екатеринбург тас жолында 2 келіге жуық есірткі тасымалдамақ болған қызылордалық азаматты ұстады. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Тамыз 2021
  • 25
Фото - Caravan.kz

Өңірдің жергілікті полиция қызметі мен Мойынқұм ауданының тәртіп сақшылары бірлесіп,  қызметтік иттің көмегімен Алматы — Екатеринбург тас жолының 366 шақырымында Toyota Alphard маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында Қызылорда қаласының 29 жастағы жергілікті тұрғынын ұстады.

«Қызметтік ит өзіне тән өткір иісі бар есірткіге ұқсас затты анықтап, тінту барысында жалпы салмағы 2 келіге жуық «марихуана» тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 4 бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Аталған қылмыс түрі бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», – деп нақыталды Мойынқұм ауданы полиция бөлімінің бастығы Жарас Тохабаев.

Күдікті кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауқа алынды.


Соңғы жаңалықтар