Қызылордада 22 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада 22 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қызылордада 22 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Өткен жылы 22 ішкі істер органдары  қызметкерінің қылмыстық істері сотқа жолданды. Сонымен қатар, ІІБ қызметкерлерінің кінәсімен 70-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық орын алған. Бул туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 3 Ақпан 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz


Облыс прокуроры С.Нұрпейісовтің айтуынша, өткен жылы қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін прокурорлық ықпал ету шараларымен ІІБ-нің 60-тан астам қызметкері түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

«Қазіргі таңда аймақтағы полиция қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері күрделі криминогендік ахуалды қалыптастырды. Мәселен, өзінің әріптесін бірлескен топпен өлтіргені үшін Қызылорда ҚІІБ кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекциясының бастығы Шиманов, аудан тұрғынының өмірін қиған Шиелі аудандық АІІБ учаскелік инспекторы Б.Доланбековтің қылмыстық істері сотқа жолданып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», — дейді облыс прокуроры.