Шарада балаларға арналған «Тәуелсіз Қазақстан еліне 20 жыл» шағын орталық балаларының асфальтқа сурет салу байқауы болды. Сол сияқты «Ертегілер елінде» атты көрініс көрсетіліп, «Тәуелсіздік -тұғырым» сурет көрмесі ашылды, «Әкем, анам және мен» спорттық эстафеталық сайысы өтіп, «Достық кездесу» атты шахматшылар жарысы сөреден шықты. Бұдан әрі жазғы сауықтыру-демалыс лагеріне, күндізгі тынығу лагеріне баратын балалардың топ жетекшісі аға мұғалімге рапорт берді.
Салтанат сәтінде сондай-ақ бірқатар балалар бақшалары өрендерінің қатысумен «Әрқашан күн сөнбесін» атты қойылым қойылды.
Шара барысында облыс әкімі Астана қаласына, «Сырдария», «Талды су» жазғы демалыс лагерьлерінде тынығатын балаларға жолдамалар тапсырды. Мереке соңы «Айгөлек» балалар шығармашылығы фестиваліне ұласты.