Қызылордада «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндіктерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндіктерін талқылады

Қызылордада «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндіктерін талқылады

Мемлекеттік органдардың бейінді қызметі автоматтандырылуда, алайда осы күнге дейін ақпараттандыруды қамтымаған салалар да бар. Жаңа технологиялардың пайда болуы болашақта жоғары сапалы қызмет түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  • 12 Қараша 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

Мысалы, цифрлық технологияларды қолдану халық қажеттіліктерін саралаудың жаңа тәсілін анықтауға, қызмет сапасын жетілдіруге әкеледі.

Электронды үкімет қаншалықты автоматтандырылған, блокчейн технологиясын мемлекеттік қызметте қалай қолдануға болатыны туралы «QDigitalInform» семинары аясында «ҰАТ» АҚ Қызылорда облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының бас маманы Талант Нұрымов түсіндіріп өтті. Аталмыш шара Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қорының ұйымдастырыуымен 7-8 қараша күні болып өтті.

Семинар қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында ұйымдастырылды.

«Семинардың басты міндеттерінің бірі – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы халыққа түсіндіріп өту. Себебі, өнеркәсіп саласын цифрландыру үдерісі отандық кәсіпорындарға заманауи жоғары технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Осылайша қазақстандық өнеркәсіптің әлемдік компаниялардан үдемелі қалып қою мәселесін шешеміз», -дейді ұйымдастырушылар.


Шара «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен, салалық мамандардың, студенттердің, IT саласының қызметкерлері мен ЖОО оқытушыларының қатысуымен жүзеге асты.

Анықтама үшін:

«QDigitalInform»-қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойыншаерекше жоба.Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері) қатысады

 

Соңғы жаңалықтар