Қызылордада газды негізсіз қымбаттатқан компанияға 877 мың теңге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада газды негізсіз қымбаттатқан компанияға 877 мың теңге айыппұл салынды

Қызылордада газды негізсіз қымбаттатқан компанияға 877 мың теңге айыппұл салынды

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің  Қызылорда облысы бойынша департаменті «Тұрангаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  2015 жылғы  қызметіне таңдаулы тексеру жүргізді.

  • 15 Сәуiр 2016
  • 447
Фото - Caravan.kz

ТМРжБҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында сұйытылған газды бөлшек саудалау, автокөлікке газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын көтеру фактілері анықталған.  Компанияның 9 тұтынушыға қатысты бағаны көтеруге жол бергені анықталды, нәтижесінде 36 286  теңге негізсіз кіріс алынған.

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңның 7-3-бабының 4) тармақшасына сәйкес реттелетін нарық субъектісі шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған кірісті тікелей тұтынушыларға  қайтаруға міндетті.

Бұдан басқа, аталмыш компанияның 2015 жылғы тексеруде ТМРБҚК Қызылорда облысы бойынша департаментіне өткізу көлемдері, кіріс деңгейі және өткізілетін тауарлардың босатылу бағалары туралы шынайы емес ақпарат беру фактісі анықталды.

«Тұрангаз» ЖШС-ы шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған кірісті қайтармағаны және уәкілетті органға жалған ақпарат бергені үшін  ҚР ӘҚК 166-бабының 1 және 4-бөліктері бойынша әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

«Тұрангаз» ЖШС-на 877 428 теңге әкімшілік айыппұл салынды.