Қызылордада газдың жарылысынан бір адам ауруханаға жатқызылып, 3 үй көгілдір отынсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада газдың жарылысынан бір адам ауруханаға жатқызылып, 3 үй көгілдір отынсыз қалды

Қызылордада газдың жарылысынан бір адам ауруханаға жатқызылып, 3 үй көгілдір отынсыз қалды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада газдың жарылысынан бір адам ауруханаға жатқызылып, 3 үй көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Маусым 2008
  • 436
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, бүгін 01 сағат 40 минутта Қызылорда қаласында (Қызылорда облысы) «Опель» көлігінің жүргізушісі жоғары қысымды құбыр торабына ұрынды. Соның салдарынан газды-ауалы қоспа жарылып өрт шықты. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, оқыс оқиға салдарынан көлік толық өртеніп кеткен, ал бір жолаушы 1-2 дәрежелі күйекке шалдығып ауруханаға жеткізілді. Өрт 02 сағат 47 минутта ауыздықталды. Сонымен қатар, тосын оқиғаның салдарынан бес қабатты (500-550 тұрғын) үш үй көгілдір отынсыз қалды.

Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, төтенше жағдайды ауыздықтау жұмыстарына «Қазтрансгаз-Аймақ»АҚ (25 адам және 5 техника) және ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметі (6 адам 1 техника) жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті