Жарияланды: 400

Қызылордада коммуналдық төлемдерді қабылдайтын біртұтас төлем орталығын құру жоспарлануда

Қызылорда. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада коммуналдық төлемдерді қабылдайтын біртұтас төлем орталығын құру жоспарлануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда әкімі Мұрат Ергешбаевтің мәліметінше, "тек ресми мәліметтерге сай, Қызылордалықтардың берешегі 200 млн теңгеден асады". "Қызылорда жылуэлектрорталығы" ҚКК-ның дебиторлық берешегі бүгінде 105 млн теңгеден асуда. Оның 92 млн теңгесі - тұрғындардың берешегі. "Қызылорда оңтүстік жылу орталығы" ҚКК дебиторлық берешегі 45 млн теңгеге тең, оның 42 млн теңгесі жеке тұтынушыларға тиесілі. Сонымен бірге, тұрғындардың "Су жүйесі" ҚКК алдындағы берешегі 60 млн теңгеден асады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұрғындардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі кәсіпорындарды банкроттыққа да алып келген. Ал төлемдерді жинаудың түрлі жолдары тиімді болмай отыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть