Қызылордада лаундж-барда тапаншамен оқ атқан ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада лаундж-барда тапаншамен оқ атқан ер адам ұсталды

Қызылордада лаундж-барда тапаншамен оқ атқан ер адам ұсталды

Қызылордада жанжал атыспен аяқталды. Полиция күдікті азаматты ұстады.

  • 12 Қаңтар 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz телеграм- арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 10 қаңтар сағат 01:30-да лаундж-барлардың бірінде болған. Барға келген Қызылорданың екі тұрғыны арасында жанжал болып, кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атқан. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

Жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстады. Дәлелдер алынды.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.