Қажаниязовтың атап өтуінше, бұл мәжүбүрлі шара. «Жалпы қолда бар газ қоры отынды коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікте айтарлықтай алаңсыз пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ қысымның жеткіліксіздігі газқұбырлы станцияның жұмысын қиындатады. Сондықтан да шектеу енгізуге тура келеді. Үш турбина жұмыс істеген кезде Қызылордаға сағатына 30-35 мегаватт электр қуаты беріледі. Кеше, 11-қазанда, 2 турбина жұмыс істеді, ал 12 — 13 қазанда тек бір ғана турбина жұмыс істейтін болады»,- деп атап өтті ол.
Қала әкімінің айтуынша, «ахуалды Жамбыл электр станциясы жақсарта алады, бірақ ол әрбір киловаттқа 8 теңгеден астам қаржы сұрайды. Қаржылық ахуалдарының төмендігіне байланысты алты өткізу компаниясының бірде- біреуі проблеманы шешуге қол созбай отыр. Сондықтан да облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед қажетті 7 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады»,- деп хабарлады С. Қожаниязов.
«Электр қуаты ең көп дегенде 25 пайызға ғана шектеледі. 14-қазаннан бастап жұмыс қалыпты режимде жүргізіледі»,- деп сендірді Қызылорда әкімі. Оның айтуынша, көгілдір отын тасымалдаушы «Казгермунай» Бірлескен кәсіпорны ЖШС осы уақытқа дейін профилактикалық жөндеу жұмыстарын аяқтауға уәде беріп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті