Қызылордада судьяны 7 жыл бас бостандығынан айыру үкімі кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада судьяны 7 жыл бас бостандығынан айыру үкімі кесілді

Қызылордада судьяны 7 жыл бас бостандығынан айыру үкімі кесілді

Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары материалдарының негізінде ҚР Бас прокуратурасы қозғаған Қызылорда облысы Арал аудандық сотының судьясы Е.Жамбылбаевқа қатысты қылмыстық іс сотта қаралды. Бұл туралы облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Мамыр 2014
  • 414
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, 2013 жылғы 24 қазанда Жамбылбаев азамат Р.Абатов арқылы Т. деген азаматтан оның пайдасына азаматтық іс бойынша шешім шығару үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған.

Арал аудандық сотының үкімімен Жамбылбаев ҚР ҚК-нің 311 бабының 3 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өз кезегінде Абатов  ҚР ҚК-нің 312 бабының 3 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.