Қызылордада суға түсіп кеткен автокөлік мұз құрсауынан шығарылды - ФОТО - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада суға түсіп кеткен автокөлік мұз құрсауынан шығарылды - ФОТО

Қызылордада суға түсіп кеткен автокөлік мұз құрсауынан шығарылды - ФОТО

Қызылордада құтқарушылар мұз жарылып, астына түсіп кеткен автокөлікті алып шықты, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

  • 9 Желтоқсан 2014
  • 387
Фото - Caravan.kz

Қызылорда қаласының тұрғыны Қисманов Серікбол есімді азаматтан қаладан 50 шақырым жерде орналасқан Сұлутөбе елді мекенінде Көксу каналына өзінің жеке автокөлігі мұз жарылып кетіп, суға түсіп кеткендігі жөнінде хабар түсті. Төтенше жағдай орын алған жерге жеткен жасақ құтқарушылары жағдайды анықтап, суда жатқан автокөлікті шығару мақсатында мұздарды арнайы құрал-жабдықтармен тіліп шығаруға кірісіп кетті. Құтқарушылар сүңгуір құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, су астындағы автокөлікті бекітіп, жол жиегіне шығарып берді. Автокөлік иесі құтқарушыларға өз  ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.   

Қызылордада суға түсіп кеткен автокөлік мұз құрсауынан шығарылды
 Қызылордада суға түсіп кеткен автокөлік мұз құрсауынан шығарылды