Қызылордада тұрғын үйдің балконы құлап, әйел адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада тұрғын үйдің балконы құлап, әйел адам зардап шекті

Қызылордада тұрғын үйдің балконы құлап, әйел адам зардап шекті

Қызылордада көпқабатты үйлердің бірінде қылтима құлап, бір әйел зардап шекті. Киім-кешек жинап жүрген Ақмарал Оймауытованың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Балконнан құлаған Титов ықшамауданының тұрғыны медициналық тексеруден өткесін үйіне жіберілген. Тұрғындар ескі үйлерін өздері жөндеуге міндетті. Өйткені тұрғынжай апатты үйлер тізіміне кіргізілмеген. Ақмарал Оймауытова 3 метрден құлап аман қалғанына әлі сенбейді. Күнделікті күйбеңмен жүріп, қылтимаға кір жинауға шығады. Ар жағы қас-қағым сәтте болды.

  • 6 Мамыр 2016
  • 539
Фото - Caravan.kz

Ақмарал Оймауытова, қала тұрғыны:

— Мен жерге құлаған кезде өзімнің тірі екенімді қызымның шыңғырғанынан білдім. 10 жастағы қызым сабақ оқып отырған, сол шыңғырған кезде, балам қорқып кетпесін деп:«Нұрай, мен аманмын, қорықпа, әкеңді жіберші» дедім. Өйткені мені ұстап тұрған темірбетон жиегімен қоса түскенмін. Ол алдына түскен, мен соның жанына түскенмін. Абырой болғанда, үй маңында балалар жүрмеген. «Әйтпесе аулада ойын алаңқайы жоқ балғындар үйден ұзап шықпайтын», — дейді тұрғындар. Балконның бетон плитасын темір арматуралар ұстап қалған.

Бақыт Ембергенов, Оңтүстік аймақтық аэромобильді құтқару жасағының жетекшісі:

— Жедел түрде осы жерге келіп, құлаған әйел кісіге жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге көмек көрсетіліп, содан кейін балконнан құлаған конструкцияларды арнайы құрал-жабдықтармен түсіріп бердік. 60 жыл бұрын салынған үйге бірде-бір рет жөндеу жүргізілмеген. Енді мына жайттан кейін тұрғындар үйдің қабырғасы қақ айырыла ма деп күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылды.


Ерлан Бердібаев, қалалық ТКШ және тұрғын үй инспекциясының басшысы:

— Апатты үй болып танылу үшін аталған үйлердің тұрғындары тарапынан бастама көтерілуі керек. Аккредитациядан өткен арнайы тәуелсіз мекеме арқылы апаттық үй болып танылады, тексеріледі, арнайы зерттеулер жүргізіледі. Содан кейін барып апаттық үй тізіміне енгізіледі. Бүгінде 5-үй апатты үй тізімінде жоқ. Титов ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің басым көпшілігі жарты ғасыр бұрын салынған. Бүгінде 200-ден астам отбасы апатты үй бойынша пәтер кезегінде тұр. Шаһар басшылығы осы бағытта жыл аяғына дейін 100 пәтерлік үй тапсырмақ. Қалғандарын келер жылы жаңа баспанамен қамту жоспарланып отыр.