Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
112 құтқару қызметіне 1 қаңтарда сағат 2.01-де қала іргесінде орналасқан Табсөгет кентінде жаңажылдық шырша жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті.
«Аталған шақырту бойынша №4 өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер 1 техникамен оқиға орнына барды. Өрт 2.07-де оқшауланып, 2.08-де толық сөндірілді. Өрттің шығуына электр сымның қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Шығын мөлшері анықталуда», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.