Қызылордада жүз жасаған әжелердің суреті көшеге ілінуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада  жүз жасаған әжелердің суреті көшеге ілінуде

Қызылордада жүз жасаған әжелердің суреті көшеге ілінуде

Қызылорда билігі ғасыр жасаған қарияларды мерекесімен ерекше құттықтады. Енді қала ішіндегі билбордтарда әдеттегідей жас модельдердің емес, жүз жасаған аналардың бейнесі тұрады. Қазірдің өзінде қаланың бірнеше басты көшесінде кастингтен сүрінбей өткен 6 әжейдің суреті ілінген. 

  • 7 Наурыз 2014
  • 621
Фото - Caravan.kz

Қадиша Қарғабаева суреті көшедегі билбордқа ілінген қызылордалық  әженің бірі. Бірақ суреттегілердің ішіндегі ең жаасы. Бұйырса, 8-ші наурызда жүзге толмақ. Жасы ғасырға жеткен әжейдің бүгінде 6 баласынан 24 немере, 10 шөбере сүйіп отыр екен. Ал ұзақ өмір сүруінің сырын кейуана тек кезіндегі талмай еткен еңбектің арқасы дейді.

Қадиша Қарғабаева:

— Денсаулық жақсы ғой, сосын ғой осынша өмір сүріп отырғаным. Бала шағыны бағып, Алла тағаланың арқасында. Мың тәубә.

Жас кезінде Қадиша әже көпті таңдай қақтырған әнші де болғанын да айтады. Әсіресе, репертуарындағы сүйікті әні «Балқадиша» екен.

Әнші әженің бұйырса, бала шағасы алдағы аптада дүркілетіп тұрып, мерейлі тойын жасамақ.


Жұпаркұл Дәрібаева, Қ.Қарғабаеваның келіні:

-Бүл кісі құдай қаласы сегізінші наурызда жүзге келеді. Енді алдағы айларда тойын жасайық деп отырмыз. Жалпы денсаулығы жақсы.

Десе де, Қадиша апай ғана бүгінде қызылордалық жүзден асқан жалғыз қарт емес. Билбордқа одан өзге тағы 4 әженің суреті қойылған. Әйелдердің халықаралық мейрамы қарсаңыда облысы басшылығы осындай тың акция жасауды ұйғарған. Жалпы Қызылорда облысы бойынша, бүгінде жасы бір ғасырды еңсерген 24 қарт бар болса, соның 19-ы әйел адам.